Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 190 орта мектебі" КММ

Кәсіби бағдар

Кәсіби   бағдар   беру   құжаттары Файл қарау
1 Кәсіби бағдар беру  жоспары файл
2 2023-2024 оқу  жылында  9,11 сынып оқушыларының  орналасуы файл
3 Анықтама файл

Кәсіби  бағдар беру  жұмыстары

 Студенттермен кездесу кеші 

2024 жылдың қаңтар айының  17-і күні бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары А.Сарсенбаев, мектеп тәлімгері Д.Ахметтің және «Өзін-өзі басқару» ұйымының  ұйымдастыруымен оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында «Жарқын жастық-баянды болашақ» атты  кездесу кеші болып өтті.

Мақсаты: оқушыларға мамандықты дұрыс таңдауда бағыт-бағдар беру, адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы және қазіргі уақытта сұранысқа ие мамандықтар, болашақтың мамандықтары туралы түсінік қалыптастыру.

Кездесу кешіне ЖОО-да білім алып жатқан студенттер, 9-11 сынып оқушылары қатысты. Жоғары сынып оқушылары студенттерге өз сауалдарын қойып, мамандықтың қыр-сыры туралы кеңінен мағлұматтар алды.

9 сынып оқушыларымен «Баршаға арналған тегін кәсіби –техникалық білім» жобасы аясында өткізілген пікірталас  туралы 

2024 жылдың наурыз айының  28-і күні бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары А.Сарсенбаев,  9 сынып оқушылармен кәсіби  бағдар беру мақсатында «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жобасы аясында пікірлесу болып өтті.

Мақсаты: оқушыларға мамандықты дұрыс таңдауда бағыт-бағдар беру, адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы және қазіргі уақытта сұранысқа ие мамандықтар, болашақтың мамандықтары туралы түсінік қалыптастыру.

Пікірлесу барысында оқушылар өз сауалдарын қойып, мамандықтың қыр-сыры туралы кеңінен мағлұматтар алды.

9 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Қазалы қаласындағы аграрлы-техникалық колледжінің  ашық есік күні туралы

2024 жылдың 29-ы сәуір күні негізгі мектеп бітіруші 9 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Қазалы қаласындағы аграрлы-техникалық колледжінің оқу-өндірістік базасымен танысып қайтты.

Ашық есік күні барысында колледж оқытушысы  Н.Мәмбетов сөз алып, оқушыларға оқу орнының тарихы, түрлі  мамандықтары туралы баяндады. Оқушылар оқу кабинеттері мен оқу зертханаларын аралап,  мамандықтарға сай   техникаларға шолу жасады. Сонымен қатар колледж асханасы, жатақханасымен танысты.

«Ұрпақтар сабақтастығы — дәстүр жалғастығы» атты   дөңгелек үстел  туралы

2024  жылдың  сәуір  айының  26 -ы күні 8-9  сынып оқушыларына  еңбек, экономикалық тәрбие және кәсіптік бағдар беру мақсатында «Ұрпақтар сабақтастығы — дәстүр жалғастығы» еңбек династиясын жалғастырған әулеттердің өмір жолдарымен  танысу мақсатында дөңгелек үстел болып өтті.

Мақсаты: Мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.

Дөңгелек үстел барысында еңбек майталмандары: ауылшаруашылық саласының майталман мамандары, бригадир, «Құрмет» орденінің иегері- Ерғалиев Күнеке, еңбек ардагерлері, механизатор, жүргізуші: Үмбетәлі Ақтас, Жаңабай Байбатша, Сыдық Ізбасхан, Сәрсенбай Ермек ағаларымыздың атқарған еңбектерімен өмір жолдары  таныстырылды.

8-9 сынып оқушылары сұхбат барысында сұрақтарын қойып, жауап алды. Мамандығын әркез мақтан тұтатын ауылымыздың ардақты азаматтарының жарқын әңгімелерін, ақыл-кеңестерін тыңдады.

 

 

 

 

 

 

 

"Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 190 орта мектебі" КММ