Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 190 орта мектебі" КММ

Тәрбие жұмысы

2.08. 2024 ж

“МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” Республикалық акциясы

«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті оқу қорымен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 1 тамыз — 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда, атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады. Әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.

Акцияның мақсаты — аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету.

Науқанға кез-келген азаматтарымыз қатыса алады.

Көмек көрсетуге өз үлесімді қосамын деген жандар мекте директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына және әлеуметтік педагогке байланысуына болады.

Байланыс телефоны:

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Жанибек Арипбаев

+7 (775) 175-60-84

Әлеуметтік педагог: Berik Erbolat

+7 (778) 521-35-67

Сіздерді «Мектепке жол» республикалық акциясын іске асыруға белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

1.09.2024 ж

1 — ҚЫРКҮЙЕК- БІЛІМ КҮНІ

№190 орта мектебінде 1 — қыркүйек — Білім күнінде «МЕКТЕБІМ МЕЙІРІМ-МЕКЕНІ» тақырыбында мерекелік жиын болып өтті. Жиынға мектеп директоры міндетін қоса атқарушы Рахмет Майгүл Уайысбайқызы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Татранов Әділ, ата-аналар комитетінің төрағасы Тілеген Оңдабай, ауыл әкімінің міндетін атқарушы Жадырасынов Еділ, және ата — аналар келіп қатысты. Мерекелік жиынды мектеп директоры міндетін қоса атқарушы Майгүл Уайысбайқызы жиналғандарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады, келген қонақтарымыз бүлдіршіндердің қадамына сәттілік тіледі.

Мерекелік іс- шара оқушылардың әсем әні мен би шашуларымен жалғасын тапты.

Білім күні құтты болсын! Бүгін тарыдай болып мектеп табалдырығын аттап жатқан 1 сынып оқушылары мен таудай талаппен жыл соңында мектеп бітіретін түлектерге сәтті қадам, биік белес тілеймін. Осындай мықтыларды тәрбиелеп, өміріне бағдаршам болатын ұстаздарымыздың жаңа оқу жылы жемісті болсын!

#190ортамектеп

#Қазалыбілімбөлімі

#Біртұтастәрбие

#Білімкүні

02.09. 2024 ж

ПОЛИЦИЯ ЖӘНЕ БАЛАЛАР

Алғашқы қоңырау салатантты жиынынан кейін мектебіміздің 1 сынып оқушылары мен «Полиция және балалар» атты қауіпсіздік сабағы өткізілді.

МАҚСАТЫ

Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра білуге үйрету;

Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке,сақ болуға,көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.

#Полицияидети

#Полицияжәнебалалар

04.09.2024 ж

№190 орта мектебінде жаңа оқу жылында сабақтар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды. Барлық 1-11 сыныптарда «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.

Жалпы мектепте жыл бойы Біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде күнделікті және апта сайын жасалатын жүйелі әрекеттер жоспарланған.

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

#bilimqzo

#kazalybilim

#МеніңОтанымҚазақстан

#біртұтастәрбие

#190ортамектебі

#kazalybilimbolimi

09.09. 2024 ж

МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ

2024-2025 оқу жылында дәстүрлі “Мектепке жол” акциясы өз жалғасын тапты. Атап айтар болсақ мектебіміздің тұрақты демеушісі Сәрсенбаев Ардақ 4 оқушыға 80 мың көлемінде қаржылай көмек көрсетті.

Сейітбаева Ақбота 1 оқушыға оқу құралдары және сөмке алып берді. Және мектебіміздің түлегі ауыл тұрғыны Құрманалиев Ғалым қаржылай көмек көрсетті.

Мектепке жол акциясына атсалысқан әріптестерімізге мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз.

09.09.2024 ж

№190 орта мектепте құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектебіміздің 8-11 сынып оқушыларына ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Арипбаев және әлеуметтік педагог Б.Ерболат мектеп инспекторы полиция капитаны Ниеталиев Руслан жиналысқа қатысты. Жиналыста оқушылардың түнде көшеде беймезгіл жүрмеуін, сабаққа кешікпеуін ұялы телефон әкелуге болмайтындығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

10.09.2024 ж

Қыздарға әсемдік жарасады

“Қыз-мінезді,ұл-өнерлі келсін”

Халық даналығы

Қазалы ауданы ,Ақтан батыр ауылы №190 орта мектепте Отбасы күніне орай “Қыз бала-отбасының шырайы” тақырыбындақыздар жиналысы өткізілді.

Қыздар жиналысына мектеп тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Арипбаев және қыздар ұйымының жетекшісі Тағыберген Шынар 8-11 сынып қыздары қатысты.

Қыз бала тәрбиесі бүтін бір ұлттың тәрбиесі екенін ескерсек,қазіргі таңдағы қыз балалар арасындағы келеңсіз жағдайлар,құқық бұзушылықтар т.б қоғамдағы бірқатар мәселелерді түсіндіру мақсатында мектебімізде жлспар құрылып жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында мектептің ішкі тәртіп ережесі,зиянды заттардың алдын алу, жеке бас гигиенасы,қоғамдық шараларға белсенді қатысуы айтылды.

18.09. 2024 ж.

ОТБАСЫ КҮНІ

Отбасы күні – бұл еліміздегі басты мерекелердің бірі. Халқымыз «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаған. Мемлекетіміздің мықты болуы – отбасылардағы береке-бірлікке, татулыққа, өзара түсіністікке тығыз байланысты. Себебі отбасы құндылығы берекемен, махаббатпен, сеніммен өлшенеді. Елбасымыз «Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп қоғам үшін отбасының қаншалықты маңызды екендігін көрсетіп берді.

№190 орта мектепте 6 «А»сынып оқушыларына Отбасы күніне орай “Отан қуат,Отбасы шуақ” атты отбасылар арасында отбасылық эстафеталық сайыс өткілді. Сайысқа Зейнаддиновтер отбасы және Сағымбаев отбасы қатысты.

Сайыс нәтежиесінде Сағымбаевтар отбасы жеңіске жетті.

#отбасы

#отбасым

#отбасыкүні

19.09.2024 ж

№190 орта мектепте 17 қыркүйек күні АӘДТ мұғалімі Ә.Серікбаевтың ұйымдастыруымен азаматтық қорғаныстың “өрт жағдайындағы эвакуациялық және сейсмикалық жаттығулар”бойынша оқу-жаттығуы өткізілді.

#сейсмикалықжаттығу

#өртжағдайы

19.09. 2024 ж.

№190 орта мектепте энергия ресурстарын ұқыпты пайдалануды бала бойына қалыптастыру мақсатында «Энергия ресурстарын үнемдеу » тақырыбында 7 сыныбына тәлімгер Д.Ахметованың ұйымдастыруымен танымдық сағаты өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың электр қуаты және үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой- өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

«Абайлаңыз балалар!» акциясы

№190 орта мектепте 26 тамыз-6 қыркүйек аралығында «Абайлаңыз балалар» атты акция аясында мектептің 1 сынып оқушыларына жол белгілеріне байланысты түсіндіру жүмыстарын, балалардың жол көлік жарақаттанудың алдын алу, көшелерде қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын нығайту мақсатында түсіндірме жұмысы өткізілді.

#Абайлаңыз_балалар

#Біртұтас_тәрбие

#Ұлттық_құндылық

#Аудандық_білім_бөлімі

#Облыстық_білім_басқармасы

#Білім_бөлімі

#Полиция_бөлімі

20.09. 2024 ж

№ 190 орта мектепте 2024 жылдың 19 кыркүйек күні «Төрт тоқсанға төрт өнер» атты ұлттық — мәдени ағарту жобасы аясында «Айтыс-өнер сайысы» тақырыбында 8-9-сыныптар арасында танымдық сабақ өткізілді. Танымдық сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Үмбетәлі өткізді. Танымдық сабақ барысында оқушыларға айтыс өнерінің түрлері, ерекшелігі, бұрынғы айтыспен айырмашылығы, бүгінгі айтыс ақындары, жалпы айтыс өнерінің қоғамдағы ролі жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Оқушылар айтыс туралы білетін деректерін айтып, ой-пікірлерін білдірді.

Танымдық сабаққа ұйымдастырушы-педагог Ғ. Қабақбай қатысып, оқушыларға ұлттық құндылықты сақтау үшін ұлттық өнеріміз айтыс өнерін құрметтеу керектігі туралы насихат айтты.

20.09.2024 ж

Балақайлар мектебі

Мектебімізде мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылмаған және 1 сыныпқа өтініш берген балалар үшін «Балақайлар мектебі» өз жұмысын атқарды.

Дайындық сабақтарының мақсаты:

Балаларды мектебімізбен таныстыру;

Мектепте алғашқы бейімделуін ұйымдастыру;

Оқуға деген ынтасын, зияткерлік, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру;

«Балақайлар мектебінің» көмегімен балалар ойын түріндегі негізгі дағдыларды игеріп, шығармашылық қабілеттерін дамытты. Мұндағы сабақтар жадыны, моториканы дамытуға бағытталған.

#bilimkzo

#kazalybilim

24.09.2024ж

“Қазалы ауданы бойынша білім бөлімі” КММ-і,Қызылорда облысы білім басқармасының “Тәрбие,спорт және қосымша білім беру орталығының”№584 санды хатына сәйкес мектеп оқушыларв арасында өткізілетін облыс әкімінің жүлдесіне арналған “Сыр лигасы”облыстық сайысының №190 орта мектепте ашылу салтанаты өткізілді.

24.09.2024 ж

Ақтан батыр ауылы №190 орта мектебінде «Жасыл бөлме» клубы ашылды.

Мақсаты: Оқушыларға бөлме өсімдіктері туралы түсінік беру. Гүлдің атауларын, сырт келбетін жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын, оларды баптау күту ережелерімен таныстыру. Өсінді отырғызу жолын көрсетіп, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Жетекшесі:Гүлжамал Смет

25.09.2024 ж

Дебат клубы кезекті ойын өткізді

Ақтан батыр ауылы, №190 орта мектете «Тұран» дебат клубы алаңында кезекті ойын өткізілді. «Сыр лигасы» жобасы аясында өткізілген мектепшілік дебат ойынына 8-9 сынып оқушыларынан құрылған фракциялар қатысты.

Ойын қарары «Бұл палата қазіргі жастар арасында патриоттық рух бар деп есептейді»

Сайыста үкімет тарапынан:

1-спикер:Қанибай Ақниет

2-спикер:Теңізбай Гүлсезім

Ал опппозиция тарапынан:

1-спикер:Әмитжан Мансур

2-спикер:Мамаева Кәусар ойын өрнегін көрсетті.

Нәтежиесінде оппозиция жеңіске жетті. Жеңімпаздарды құттықтай отыра,алдағы аймақтық кезеңге сәттілік тілейміз.

30.09.2024 ж

КҮЗГІ АСАР

Қыркүйек-“Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік” айы. Осыған сәйкес “ Еңбегі адал -жас өрен” жобасы аясында 4 “А” сынып оқушысы Құрманбек Санжар өз отбасымен “Күзгі асар” акциясына қатысты.

Сынып жетекшісі: Айман Мысаева

#190мектептәрбие

#Біртұтас_тәрбие

#күзгіасар

30.09.2024 ж

«КҮЗГІ АСАР» АКЦИЯСЫ

2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылдың 30 шілдесіндегі № 194 бұйрығына сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жаңартылды. Сәйкесінше ҚЫРКҮЙЕК АЙЫ – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы болып белгіленді.

Облыстық білім басқармасы «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында ата-аналары мен білім алушылардың бірлескен «Күзгі асар» акциясын жариялайды.

Мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу арқылы білім алушыларды еңбексүйгіштікке баулу, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік құндылығын қалыптастыру. Акцияға орта білім беру ұйымдары білім алушылары мен ата-аналар қатыса алады.

Күзгі асарға 4 “А” сынып оқушысы Жаңаберген Раяна өз үлесін қосты.

#Біртұтас_тәрбие

#190ortamektep

30.09.2024 ж

ТӘРБИЕЛІ — ТӘРТІПТІҢ ҚҰЛЫ! ТӘРТІПТІ — ЕЛДІҢ ҰЛЫ!

№190 орта мектебінде аудандық білім бөлімінің жоспарлы хатына сәйкес 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Тәрбиелі — тәртіптің құлы! Тәртіпті — елдің ұлы!» атты жиын өткізілді.

#Біртұтас_тәрбие

#Ұлттық_құндылық

#Аудандық_білім_бөлімі

#Облыстық_білім_басқармасы

30.09. 2024 ж.

Қыз тәрбиесі басты назарда!

№190 орта мектебінде аудандық білім бөлімінің жоспарлы хатына сәйкес 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен жиын өткізілді.

#Біртұтас_тәрбие

#Ұлттық_құндылық

#Аудандық_білім_бөлімі

#Облыстық_білім_басқармасы

03.10.2024 ж

« ДАНАЛЫҚ ҰСТАЗДАН!» челленджі

№190 орта мектепте «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ұстаздар күні» мерекесіне орай өскелең ұрпақтың ұстаздарға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Республикалық «Даналық ұстаздан!» челленджі ұйымдастырылды.

«ҰСТАЗЫМ» (А. Дүйсенов, Б.Шомбеков) әні орындалды.

#Біртұтас_тәрбие

#190ортамектеп

#Даналық_ұстаздан

14.10.2024 ж

“ТӨРТ ТОҚСАНҒА ТӨРТ ӨНЕР”

№190 орта мектептің 2024 жылдың 14-қазан күні «Төрт тоқсанға төрт өнер» атты ұлттық- мәдени ағарту жобасы аясында 9-сыныпқа «Біржан — Сара айтысының маңызы » тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар айтыс туралы,«Біржан-Сара айтысы » туралы білетіндерімен бөлісті. Сонымен қатар «Біржан — Сара айтысы» шын өмірде болған ба? деген сұраққа оқушылар нақты ақпарат келтіре отырып, өз ойларын білдірді. 9-сынып оқушылары Әмитжан М. мен Құдайберген І. «Біржан-Сара айтысынан» үзінді жаттап, айтыстың үлгісін көрсетті.

16.10.2024 ж

ДЕБАТ «ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ

Ақтан батыр ауылы №190 орта мектепте 2024 жылдың 15 қазан күні 8-9 сынып оқушылары арасында ұйымдастырушы педагог Ғ.Қабақбай және мектеп тәлімгері Д.Ахметтің ұйымдастыруымен «Әлеуметтік желі психикалық денсаулыққа зиян келтіре ме?» тақырыбында дебат өткізілді.

Ойын мақсаты: Оқушылардың өз ойын ашық әрі еркін айта білуге үйрету, пікір-сайыс қозғалысын дамыту, танымдық қабілеттерін дамыту.

Сондай-ақ, оқушыларды белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге жетелеу.

#Біртұтас_тәрбие

#Ұшқыр_ой_алаңы

#Дебат

16.10.2024 ж

АТА —АНАЛАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ

№190 орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау жоспарына сәйкес әлеуметтік педагог Б.Ерболаттың ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарымен»Дұрыс тамақтану әдет-ғұрпын құру» тақырыбында сабақ өткізілді.

Б.Ерболаттың ұйымдастыруымен өткізілген сабақ барысында ата-аналарға дұрыс тамақтанудың маңыздылығы, негіздері жөнінде кеңестер берілді.

Ата-аналармен бірге топтық жұмыстар орындалды.

#біртұтастәрбие

#педагогикалыққолдау

#қазалыауданы

16.10.2024 ж

Ағымдағы жылдың қазан айының 16 күні №190 орта мектебінде мектеп психологі Құрманова Элмираның ұйымдастыруымен оқушыларға «Буллинг және Кибербуллингтің алдын алу»тақырыбында түсіндірме жұмысытары өткізілді.

Іс – шара барысында оқушылардың буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату.

Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу.

Түсіндірме жұмыстары барысында оқушыларға буллинг және кибербуллинг не екенін тереңірек түсіндіріліп, бала құқықтары жайлы кең мәлімет берілді.

19.10.2024 ж

19 қазан — МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ Президентін сайлау күні

Құрметті мектеп оқушылары мен ұстаздары!

МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ Президентін сайлау өтетіндігін хабарлаймыз.

МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ МАҚСАТЫ:

— Мектептегі оқу үдерісін демократияландыру;

— Оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту;

— Оқушылар үшін маңызды әлеуметтік жобаларды іске асыру;

— Оқушылардың пікірін ескере отыра ортақ мәселелерді шешу;

Президент үміткерлігіне түсу үшін мектеп өмірін жақсартуға үлес қосатын, тың идеяларға толы бағдарламасымен оқушылар өздерін ұсына алады.

Сайлауға 8-9-10 сыныптардан үміткерлер өз бағдарламаларын ұсына алады.

Дауыс беруге қатысуға шақырамыз!

#190мектеп

#біртұтастәрбие

#Аудандықбілімбөлімі

#мектеппарламенті

#өзінөзібасқару

16.10.2024 ж

№190 орта мектептің 8 сыныбында “Рақымжан Қошқарбаев. Рейхстагқа тігілген ту»тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.Сынып жетекшісі: Айгүл Үмбетәлі

Мақсаты: Қазақ халқының қаһарман ұлы Рақымжан Қошқарбаев өмір жолынан мәлімет беру,ерліктерін насихаттау оқушыларды шығармашылыққа,ізденімпаздыққа баулу,елін,жерін қорғай білуге ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту:

Отаншылдық пен тәуелсіздік.

Апта дәйексөзі:»Отанды сүю,отбасынан басталады»

#190мектеп

#біртұтас тәрбие

#қазалыауданы

#тәрбиесағаты

16.10.2024 ж

Мектептегі ыстық тамақтың дұрыс ұйымдастырылуын бақылау мақсатында, тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы түсетін тамақ өнімдерінің сапасына, дайындалған тағамдардың сапасына, технологиялық жабдықтардың болуына және жарамдылығына, азық-түліктерді, дайын тағамдарды сақтау, жеткізу мерзімдері мен шарттарының сақталуына, балалардың нақты тамақтану рационының күнделікті, перспективалық ас мәзіріне сәйкестігіне, асхананың санитарлық жағдайына мониторинг жүргізді.

16.10.2024 ж

«Мен және менің ортам»

Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылы №190 орта мектеп психолог Э.Курманова ұйымдастыруымен 18 сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуіне қолдау көрсету мақсатында жылдық жоспар бойынша «Мен және менің ортам» психологиялық тренингі өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың жаңа ортаға бейімделуіне және оқушыларға бір-бірімен ересектермен өзара қарым-қатынас жасауға дағдыландыру және дұрыс қарым — қатынасқа түсу мәдениетінін қалыптастыру.

#қазалыауданы

#мектеппсихологі

#190мектеп

 

"Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 190 орта мектебі" КММ