Тарихымыз

Көларық ауылының мектеп тарихы әріден басталады. 1885 жылы 12 тамызда Қаракөл болысының Томанкөл ауылында орыс-қазақ училищесі ашылады. Мектепке сол кезеңнің беделді адамы Байеке Жамановтың үйі берілген. Мектепте жастары 18-20-дағы жергілікті байлардың 17 баласы оқыған. Мұғалімнің жетіспеушілігінен мектеп жабылған. 1934 жылы көларық ауылында «Томан» бастауыш мектебі ашылады. 1937 жылы «Томан» бастауыш мектебі 7 жылдық «Көларық» мектебі болып аталады. 1965 жылы 1 қыркүйекте ауылда 8 жылдық мектеп ашылады. 1973 жылы 10 жылдық мектеп болып құрылады. 1984 жылы ауыл орталығынан 2 қабатты 392 орындық мектеп ғимараты пайдалануға берілді.

"Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 190 орта мектебі" КММ