Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 190 орта мектебі" КММ

Тәрбие жұмысы бағыттары

Атауы Файл қарау
1 Мектеп парламенті  2022-2023

Мектеп парламенті  2023-2024

Мектеп парламенті  2024-2025

Файл

Файл

файл

2 Анықтама файл

1.09.2024 ж

1 — ҚЫРКҮЙЕК- БІЛІМ КҮНІ

№190 орта мектебінде 1 — қыркүйек — Білім күнінде «МЕКТЕБІМ МЕЙІРІМ-МЕКЕНІ» тақырыбында мерекелік жиын болып өтті. Жиынға мектеп директоры міндетін қоса атқарушы Рахмет Майгүл Уайысбайқызы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Татранов Әділ, ата-аналар комитетінің төрағасы Тілеген Оңдабай, ауыл әкімінің міндетін атқарушы Жадырасынов Еділ, және ата — аналар келіп қатысты. Мерекелік жиынды мектеп директоры міндетін қоса атқарушы Майгүл Уайысбайқызы жиналғандарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады, келген қонақтарымыз бүлдіршіндердің қадамына сәттілік тіледі.

Мерекелік іс- шара оқушылардың әсем әні мен би шашуларымен жалғасын тапты.

Білім күні құтты болсын! Бүгін тарыдай болып мектеп табалдырығын аттап жатқан 1 сынып оқушылары мен таудай талаппен жыл соңында мектеп бітіретін түлектерге сәтті қадам, биік белес тілеймін. Осындай мықтыларды тәрбиелеп, өміріне бағдаршам болатын ұстаздарымыздың жаңа оқу жылы жемісті болсын!

#190ортамектеп

#Қазалыбілімбөлімі

#Біртұтастәрбие

#Білімкүні

ОТБАСЫ КҮНІ

Отбасы күні – бұл еліміздегі басты мерекелердің бірі. Халқымыз «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаған. Мемлекетіміздің мықты болуы – отбасылардағы береке-бірлікке, татулыққа, өзара түсіністікке тығыз байланысты. Себебі отбасы құндылығы берекемен, махаббатпен, сеніммен өлшенеді. Елбасымыз «Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп қоғам үшін отбасының қаншалықты маңызды екендігін көрсетіп берді.

№190 орта мектепте 6 «А»сынып оқушыларына Отбасы күніне орай “Отан қуат,Отбасы шуақ” атты отбасылар арасында отбасылық эстафеталық сайыс өткілді. Сайысқа Зейнаддиновтер отбасы және Сағымбаев отбасы қатысты.

Сайыс нәтежиесінде Сағымбаевтар отбасы жеңіске жетті.

#отбасы

#отбасым

#отбасыкүні

№190 орта мектепте энергия ресурстарын ұқыпты пайдалануды бала бойына қалыптастыру мақсатында «Энергия ресурстарын үнемдеу » тақырыбында 7 сыныбына тәлімгер Д.Ахметованың ұйымдастыруымен танымдық сағаты өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың электр қуаты және үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой- өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

«КҮЗГІ АСАР» АКЦИЯСЫ

2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылдың 30 шілдесіндегі № 194 бұйрығына сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жаңартылды. Сәйкесінше ҚЫРКҮЙЕК АЙЫ – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы болып белгіленді.

Облыстық білім басқармасы «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында ата-аналары мен білім алушылардың бірлескен «Күзгі асар» акциясын жариялайды.

Мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу арқылы білім алушыларды еңбексүйгіштікке баулу, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік құндылығын қалыптастыру. Акцияға орта білім беру ұйымдары білім алушылары мен ата-аналар қатыса алады.

Күзгі асарға 4 “А” сынып оқушысы Жаңаберген Раяна өз үлесін қосты.

#Біртұтас_тәрбие

#190ortamektep

КҮЗГІ АСАР

Қыркүйек-“Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік” айы. Осыған сәйкес “ Еңбегі адал -жас өрен” жобасы аясында 4 “А” сынып оқушысы Құрманбек Санжар өз отбасымен “Күзгі асар” акциясына қатысты.

Сынып жетекшісі: Айман Мысаева

#190мектептәрбие

#Біртұтас_тәрбие

#күзгіасар

Қыз тәрбиесі басты назарда!

№190 орта мектебінде аудандық білім бөлімінің жоспарлы хатына сәйкес 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен жиын өткізілді.

#Біртұтас_тәрбие

#Ұлттық_құндылық

#Аудандық_білім_бөлімі

#Облыстық_білім_басқармасы

« ДАНАЛЫҚ ҰСТАЗДАН!» челленджі

№190 орта мектепте «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ұстаздар күні» мерекесіне орай өскелең ұрпақтың ұстаздарға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Республикалық «Даналық ұстаздан!» челленджі ұйымдастырылды.

«ҰСТАЗЫМ» (А. Дүйсенов, Б.Шомбеков) әні орындалды.

#Біртұтас_тәрбие

#190ортамектеп

#Даналық_ұстаздан

Ақтан батыр ауылы №190 орта мектепте 2024 жылдың 15 қазан күні 8-9 сынып оқушылары арасында ұйымдастырушы педагог Ғ.Қабақбай және мектеп тәлімгері Д.Ахметтің ұйымдастыруымен «Әлеуметтік желі психикалық денсаулыққа зиян келтіре ме?» тақырыбында дебат өткізілді.

Ойын мақсаты: Оқушылардың өз ойын ашық әрі еркін айта білуге үйрету, пікір-сайыс қозғалысын дамыту, танымдық қабілеттерін дамыту.

Сондай-ақ, оқушыларды белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге жетелеу.

#Біртұтас_тәрбие

#Ұшқыр_ой_алаңы

#Дебат

«МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ» ПРЕЗИДЕНТІН сайлауы

№190 орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 21 қазан күні «Мектеп Парламентінің Президентін» сайлауы өткізілді.Сайлауға мектеп ұстаздары мен 5-11сынып оқушылары қатысты.

Сайлау қорытындысы бойынша ,9-сынып оқушысы

Ермек Қарақат «Мектеп парламентінің Президенті» болып тағайындалды.

#өзінөзібасқаруұйымы #өзінөзібасқару #мектеппарламенті

#мектеппрезиденті

#жасұлан

ҰЛАНЫМЫЗ ҰЛЫ ЕЛДІҢ!

#190 орта мектепте 25 қазан Республика күні қарсаңында Республикалық Бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған «Ұланымыз ұлы елдің» атты салтанатты жиыны өткізілді.

Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

«Жас ұлан» ұйымының қатары 33 жасұландықтармен толықты.

«Жас ұландықтарды » мектеп директоры: Гани Кабакбай құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Шараға ауыл әкімі қатысып, мойнына көк галстук таққалы тұрған жас өрендерді мерекемен құттықтап, білім шыңына жете берулеріне тілектестіктерін білдірді.

Шара соңы көңілді әнге ұласты.

#ҚазалыАудандықБілімБөлімі

#ҚызылордаОблысыныңБілімБасқармасы

#bilimqzo

#qyzylorda_bilim

#Қазалыауданы

#ЖасҰланұйымы

#25ҚазанРеспубликакүні

 

"Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 190 орта мектебі" КММ