«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

Ақпарат

1 маусым күні сағат 09:30-да «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын басталды. Салтанатты жиынға ардагер ұстаз Ержанова Рая Төртенққызы, ата – аналар қатысты.  Салтанатты жиынға ҚР Мемлекеттік Туын 10 сынып оқушылары Сарсенбек Али, Қожахметов Сұлтан, Нұрмова Нұршат алып келді. Алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры М.И.Бейсова сөйлеп, озат оқушыларды, аудандық, облыстық, республикалық  сайыстарға қатысып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген оқушыларды марапаттады.  Үздік оқушылар шеруге шығып, алаң бойымен сап түзеді. Салтанатты жиынға қатысушы қонақтар да сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. 1 сынып бүлдіршіндері 11 сынып түлектеріне арнаған жыр шумақтарын айтып берді. 11 сынып бітіруші түлектер ұстаздарына арнап шағын концерттік бағдарлама қойды. Мектеп түлектерінің атынан Бағытжанова Ақбөбек, 11 сынып жетекшісі Джиреншиева Гүлжан сөз сөйледі. Соңғы қоңырауды 1 және 11 сынып оқушылары Джалғасбаев Нұржан мен Базарбай Аяулым соқты. Сағат 10:10-да салтанатты жиын жабық деп жарияланды.

 

Мақаланы бағалаңыз
"Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 190 орта мектебі" КММ