Состав преподавателей

Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің №190 орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі .Мектеп ғимараты типтік негізде 1984 жылы салынған. Жобалық қуаты 392 орындық.2023-2024 оқу жылында қызметкерлер саны-57 .Оның ішінде педагогтер-55.жоғары білімді мұғалім саны -49,магистр-1, орта және кәсіптік білімді мұғалім саны -5,педагог-зерттеші-13,педагог-сарапшы-19, ІІ санатты -2, педагог-модератор-9,санатсыз-13 мұғалім.
Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту
Әрбір бала өмірінің сәтті бастамасы ретінде сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға (бұдан әрі – МТО) тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталғанҚазақстанның білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын мектепте мектепалды даярлық тобының жұмысын ұйымдастыру арқылы жүргізілуде.
Адамның дамуы үшін ең тиімді кезең болып табылатын балалар өмірінің алғашқы жылдарын «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған МТО-ны қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына сәйкес ұйымдастыру білім беру ұйымының басты міндеті ретінде қарастырылып келеді. PISA зерттеуінің нәтижелеріне сүйене отырып, келешек мектептегі оқу үлгерімнің оң нәтижеде болуын көздей отырып, мектепалды даярлық топтарына дейін балалардың елді мекендегі балабақшада болуы арқылы өзара сабақтастық негізде жүргізілуде.Мектеп жанынан ашылған 50 орындық «Мерей»шағын орталығында 2020-2021,2021-2022,2022-2023,2023-2024 оқу жылдарында кіші және үлкен 2 топта 50 баладан тәрбиеленуде.
2020-2021 оқу жылында -32,2021-2022 оқу жылында -34, 2022-2023 оқу жылында -32 оқушы болса,2023-2024 оқу жылында мектепалды даярлық тобында 30 бала тәрбиеленуде. Тәрбиешілікке жоғары білімді мектепке дейінгі тәрбиеші мамандығы бар педагогтар тартылған.
2021 жылы қабылданған білім мазмұнын жаңғыртуды көздейтін Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытуды дамыту моделі бойынша ғылыми деректер негізінде балаларды дамыту мен оқытуға қойылатын өзгермелі талаптарға сәйкес жұмыс жүргізу жоспарланған. Модель мынадай салалардағы проблемаларды шешудің кешенді тәсілдерін қамтиды:
— көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру;
— педагогтің кәсіби әлеуетін арттыру;
— инфрақұрылымды жақсарту.
Модельді іске асыру шеңберінде МАД тәрбиеленушілерінің дағдылары мен құзыреттері, мектепке дейінгі ұйымның педагогіне қойылатын талаптар 2022 жылы қабылданған Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт (бұдан әрі – МЖС), Үлгілік оқу жоспарлары, МТО-ның Үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұнына негізделіп жүргізілуде.
Орта білім беру.
Орта білім беру желісі 1-11 сыныптарда 2020-2021 оқу жылы -268,2021-2022 оқу жылы -284,2022-2023 оқу жылы -294,2023-2024 оқу жылында 291 білім алушыларды қамтыды. Орта білім беру ұйымының желісі бойынша жыл сайын оқушы саны артып келеді.Мектептегі білім беру мазмұнына сай жаңартылған білім беру мазмұнын бағалау шеңберінде Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің қолданыстағы үлгілік оқу бағдарламалары негізінде білім алушының функционалдық сауаттылығын дамыту қажеттілігі ескеріле жұмыс жасалуда. Құндылыққа бағдарланған, іс-әрекеттік, тұлғаға бағдарланған және коммуникативті тәсілдер негізінде орта білім беру мазмұнын жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру және күшейту қажет.
Орта білім беру сапасын арттыруда оқулықтардың сапасы,қолжетімділігі ерекше орын алады. Мектеп кітапханасы оқушыларды оқулықпен,көркем әдебиетпен қамтамасыз етеді.Жалпы мектеп кітапханасында барлығы 17373 кітап қоры бар. Оның ішінде 13955 оқулық,электронды оқулық саны-280,қазақ тіліндегі кітап саны-10990. 2020-2021,2020-2022,2022-2023,2023-2024 оқу жылында оқушылар оқулықпен 100 % қамтылды. Кітапхана қоры 2020-2021оқу жылында -2960 ,2021-2022 оқу жылында -3780,2022-2023 оқу жылында -2500,2023-2024 оқу жылында 750 толықтырылды.

КГУ "Средняя школа № 190" отдела образования по Казалинскому району" управления образования Кызылординской области"