Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 190 орта мектебі" КММ

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы

Ақтан батыр  ауылындағы №190 орта мектептің қысқаша  тарихы

Мектеп – бар білімнің бастауы. Мектеп – үлкен өмірге деген алғашқы қадам. Көптің есіне ыстық сағыныш пен жылы естелік ұялататын да осы мекен. Біздің мектебіміздің де тарихына жарты ғасырдан астам уақыт өтіпті. Көларық ауылының мектеп тарихы әріден басталады. 1885 жылы 12 тамызда Қаракөл болысының Томанкөл ауылында орыс-қазақ училищесі ашылады. Мектепке сол кезеңнің беделді адамы Байеке Жамановтың үйі берілген. Мектепте жастары 18-20-дағы жергілікті байлардың 17 баласы оқыған. Мұғалімнің жетіспеушілігінен мектеп жабылған. 1934 жылы көларық ауылында «Томан» бастауыш мектебі ашылады. 1937 жылы «Томан» бастауыш мектебі 7 жылдық «Көларық» мектебі болып аталады. 1965 жылы 1 қыркүйекте ауылда 8 жылдық мектеп ашылады. 1973 жылы 10 жылдық мектеп болып құрылады. 1984 жылы ауыл орталығынан 2 қабатты 392 орындық мектеп ғимараты пайдалануға берілді.

Мектепке көп жылдар басшылық жасап, білім саласының дамуына зор үлес қосқан азамат Жәдиев Жандәулет еді. Жәдиев Жандәулет еңбек болын  1961 жылы Жданов атындағы №25 орта мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. 1963-1965 жылдары        №78 Майлыбас сегізжылдық мектепте директор, 1965-1970 жылдары №190 орта мектепте директор, 1970-1975 жылдары Қазақстанның – 40 жылдығы совхозында партия комитетінің хатшысы, 1975-1990 жылдары №190 орта мектеп директоры қызметін атқарған. В.И.Лениннің 100 жылдығына арналған медалі, ІІ мәрте КСРО оқу министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған, 1988 жылы желтоқсан айында Мәскеу қаласында өткен білім беру қызметкерлерінің бүкілодақтық съезінің делегаты болдыӘр жылдағы мектеп басқарған басшылар:

  1. 1937 — 1939 жж. Нұржігітов  Уайс
  2. 1939 — 1940 жж. Ұлты  кәріс Мун Сан Че
  3. 1940 — 1942 жж. Қалымбетов Нұржігіт
  4. 1942 — 1944 жж. Бекмағамбет
  5. 1944 — 1947 жж. Дәулетов  Иманғали
  6. 1947-1950 жж. Бакиев  Муса
  7. 1950-1952 жж. Кенжалиев  Нұрпайыз
  8. 1953-1954 жж Хайруллаев  Жармедет
  9. 1954-1956 жж Бекмамбетов  Жұмамұрат
  10. 1956-1965жж Баймаханов  Құрмаш
  11. 1965-1970жж Жадиев  Жандәулет
  12. 1970-1975жж Құлмағанбетов Шарлыбай
  13. 1973-1974жж- орта  мектеп болып құрылды.
  14. 1975-1991жж-Жадиев  Жандәулет
  15. 1991-2001жж Дәуітов  Серік
  16. 2001-2002жж Жасан Ермекбай
  17. 2002-2008жж Қанатов  Серікбай
  18. 2008-20213жж Орынбасаров  Қайрақбай
  19. 2013-2029жж Айтмамбет Ділдабек
  20. 2019-2023жж  Қабақбай  Ғанибек
  21. 2023-2024 жж  міндетін қоса атқару Рахмет Майгүл
"Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 190 орта мектебі" КММ